2024-11-24 09:46:27
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Nur Otan»: Түркістан қаласында 2023 жылы жаңа темір жол вокзалы салынады

«Nur Otan»: Түркістан қаласында 2023 жылы жаңа темір жол вокзалы салынады

«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасына сәйкес өңірде 16 қайта өңдеу кәсіпорнын ашу жоспарланып отыр. Оның 8-і Түркістан қаласына тиесілі.

Атап айтқанда, облыс орталығында 3 сүт, 5 жеміс және көкөніс өңдейтін жоба іске асады. Бұл туралы бүгін Түркістан шахарында бірқатар нысандарды аралап, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген облыстық сайлауалды штаб басшысы, облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Бейсен Тәжібаев мәлімдеді. Сонымен бірге Бекарыс Шойбеков, Инара Намазбаева және өзге де үміткерлер елмен кездесті.

«Nur Otan»: Түркістан қаласында 2023 жылы жаңа темір жол вокзалы салынады

Штаб өкілдері алдымен іскер әйелдер алқасының мүшелерімен кездесіп, партияның уақыт талабына сай атқарып жатқан жұмыс жоспары туралы айтты.

«Елімізде бүгінге дейін орын алған қиын сәттерде Nur Otan» партиясы халықтың жанынан табылғанын өздеріңіз жақсы білесізде. Жетекші партия алдағы уақытта да елдің экономикасы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында жұмыс істеуге ерекше ниет танытып отыр. Түркі әлемінің астанасы деген статусы бар қаламыз күн санап көркейіп келеді. Көптеген түрлі бағытта жұмыс істейтін заманауи нысандар бой көтеруде. Мұндағы жаңадан ашылған әуежай, мәдени, спорттық және туристік мекемелер халықаралық деңгейде қызмет көрсетуі керек. Сондықтан жергілікті азаматтардың біліктілігі мен білімін арттырып, сапалы қызмет көрсететін мамандар дайындауды қолға аламыз. Осы жоспарларды жүзеге асыру үшін қаламыздағы іскер қыз-келіншектерімізді «Nur Otan» партиясымен бірлесіп жұмыла жұмыс істеуге шақырамын», – деді Б.Дәулетұлы.

Сондай-ақ облыстық сайлауалды штабының басшысы «Қуаныш» сауда орнындағы сатушылармен кездесіп, жетекші партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша алдағы 5 жылда Түркістан қаласында бұрын-соңды атқарылмаған ауқымды жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, облыс орталығы толық табиғи газбен қамтылатын болады. Қазіргі таңда осыған байланысты тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сонымен қатар штаб басшысы «Түркістан темір жол вокзалы» АҚ-ның ұжымымен де кездесті. Ондағы вокзал ғимаратын аралап, бірқатар өзекті деген мәселелерімен танысты. Аталған мекеменің қызметкерлері темір жол бойындағы жарықшамдардың тозығы жеткенін, бұл халыққа сапалы қызмет көрсетуге айтарлықтай кедергісін келтіріп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ондағы жаяу жүргіншілер көпірін де жаңалап, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп тұруына қолайлы жағдай жасауға ықпал етуді сұрады.

«Nur Otan»: Түркістан қаласында 2023 жылы жаңа темір жол вокзалы салынады

Өз кезегінде Б.Тәжібаев айтылған мәселе өте маңызды екенін айта келе, «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды бағдарламасына енгізуге атсалысатынын айтты. Одан бөлек, 2023 жылы Түркістан қаласында партияның ықпалымен жаңа темір жол салынатынына да тоқталды.

Бірқатар нысандарды аралап шыққан облыстық сайлауалды штаб басшысы сапарының соңында облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, зейнеткер Жарылқасын Әзіретбергеновтың шаңырағына аялдады. Партияның жұмыс жоспарына қаныққан Ж.Әзіретбергенов партияның жуырда ғана өткізген праймеризге деген өзінің ерекше пікірін білдірді.

«Бұрын сайлау науқанында жекелеген үміткерлер өздерінің атынан халыққа уәде беріп, кей кездері орындалмай қалып жататын. Ол енді жасырын емес қой. Ал, қазіргі халықтың игілігі үшін тұтас партия жұмылып жұмыс істейтіні өте жақсы бастама. Сондай-ақ, бұрын түрлі себептермен босап қалған депутаттық мандатқа жаңадан азамат келу үшін, арнайы сайлау ұйымдастырылатын.

«Nur Otan»: Түркістан қаласында 2023 жылы жаңа темір жол вокзалы салынады

Бүгінде праймериз арқылы депутаттыққа үміткер нұротандықтардың реитинг тізімі арқылы ешқандай сайлаусыз-ақ тиісті азаматтар депуттық мандатты алатын болды. Бұл да бір саяси жүйедегі ұтымды өзгеріс болды», – деді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы.

«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз!

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы
Сайлау қорының қаражатынан төленді

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР