Кешегі өткен екі күнді аналарға арнадым әрі ол кісілерді «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып шықтым.
Кезінде аудандық «Algabas» газетінде қаламы қарымды небір журналистер жұмыс жасаған. Атап айтқанда редактор Адырбек Көлбаев, редактордың орынбасарлары қызметінде Әмзе Айтбеков пен Ерөскен Шүкіров және ақын Елтай Дәуменов тағы-тағылар. Міне, мен сол кісілердің жарлары Орынбике мен Қызғойсын апалардың, Ырыскүл Өксікбайқызы мен Бақтыгүл Дүйсенәліқызының және ұзақ жыл аудандық білім бөлімінің басшысы болған Әбіл Патсахановтың зайыбы Шәрипа Мыңбайқызымен әңгімелестім.
Апаларымыз да уақытында әр салада еңбек еткен. Бүгінде бәрі құрметті зейнеткерлікке шығып, ұл — қыздарының тілеуін тілеп, үйде немерелеріне қарап отыр. Шарипа апамыз жақында 80 жасын отбасында, бала — шағасының ортасында атап өтті.
Апаларымыз «Nur Otan» партиясының бастамаларын қолдап отыр. Аналар бәріне шүкіршілік етеді. Бүгінгі күнге дән риза. Амандық болса алдағы сайлауға қатысып, «Nur Otan»-ға дауыс береміз дейді алтындай апаларымыз. Ниет қабыл болсын.
«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы — бұл елді және өңірімізді дамытудың нақты жоспары.
Абзал ӘЛІШЕРҰЛЫ