2024-04-20 06:36:44
13.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Жыл басынан бері 200-ден аса мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 200-ден аса мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамтылды
Шымкентте жыл басынан бері 246 мүмкіндігі шектеулі азамат «Еңбек» бағдарламасының белсенді іс-шараларына қатысты. Оның ішінде 171 адам уақытша жұмыспен қамтылса, мүгедектігі бар 73 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Бизнес бастау» кәсіпкерлік негіздері оқыту курсына 2 адам жолданған, деп хабарлайды Citynews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қамкөңіл жандар жеке кәсіптерін ашып, еңбектенуге деген құлшыныстарын да көрсете білді. үш адам шағын несие және  жиырма тоғыз азамат мемлекеттік грант алған. 100 адам «Бастау бизнес» оқу курсынан өтті. Жалпы, жыл соңына дейін 712 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше, Шымкентте былтыр мүгедектігі бар 1071 адам «Еңбек» бағдарламасының шараларына қатысқан. Атап айтқанда, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында 153 адам оқытылып, тұрақты жұмысқа 509 адам орналастырылған. Әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы мен ақылы қоғамдық жұмыспен уақытша жұмыс орындарына 277 азамат жолданды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР