2024-04-19 14:05:42
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ТЖД қызметкерлері тазалық іс-шарасына белсенді қатысуда

ТЖД қызметкерлері тазалық іс-шарасына белсенді қатысуда
Бүгін шаhарда «Шымқала — таза қала» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтуде.
Тазалық іс-шарасына Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (сексен адам) жеке құрамымен белсенді қатысып, Желтоқсан көшесінен бастап, Темірлан тас жолы бойында және ирригациялық жүйелерде Әл-Фараби көшесінің қиылысына дейін тазалау жұмыстарын жүргізді.
Қала аумағында орналасқан барлық өрт сөндіру бөлімдері өздеріне тиесілі аумақтарда сенбілік өткізуде.
Сондай-ақ, Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, жедел құтқару жасағы, Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері, аудандық ЖПҚ қызметкерлері бірлесе аудан аумағындағы тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және улы газдың алдын бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР