2021-10-27 22:57:28
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Суармалы жер көлемі артады

Суармалы жер көлемі артады 1

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ауыл шаруашылығы мақсатындағы 3 каналдың күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Каналдардың жөндеу жұмысын қадағалаған қала басшысы мердігерлерге жұмыстың сапасына және бетондаудың технологиялық талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен бірге нысан құрылысын мерзімінде аяқтауда жұмыс күшін арттыруды тапсырды.

Каналдар қалаға су жеткізудің негізгі артериялары болып табылады.

Оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды.

Күрделі жөндеу жұмыстарың жалпы ұзындығы 35,5 шақырымды құрайды.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң 1 743 гектар суармалы жер қайта айналымға қосылып, ауыл шаруашылығының өнім өндіру көлемі артады.

Жалпы Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланудағы 27 канал, қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдалануда 7 канал.

Алдағы 4 жылда жалпы 195,74 шақырымды құрайтын 22 каналға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 5 172 гектар суармалы жерлерді қайта айналымға қосу күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР