2024-03-28 22:42:30
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте саябақтарда тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шымкентте саябақтарда тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласының барлық аумағында көктемгі тазалық жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары да күшейтілді.

Бұл туралы Citynews.kz ақпарат агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көктем мезгілі басталысымен қаладағы барлық көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында, саябақтар мен скверлерде және ирригациялық жүйелерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аялдамалар мен аяқжолдар сумен жуылып, санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылуда.

Кеше қаладағы «Наурыз», «Жеңіс» «Абай», «Тәуелсіздік» саябақтары мен «Жастар», Ш.Қалдаяқов атындағы аллеяда және «Ипподром» сквері мен Бәйдібек би ескерткіш аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалық мекемелері қала тұрғындары демалатын орындарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбтерін әктеді және газондарды орып, ретке келтірді.

Мәдениеттілік тазалықтан басталатынын айтқан тазалық мекемесінің қызметкерлері қала тұрғындарынан өздері және балалары демалатын қоғамдық орындарды ластамауға және қоқыс тастамауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР