2024-04-19 06:14:28
14.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 42 көшеге жарықшамдар орнатылды

Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 42 көшеге жарықшамдар орнатылды
Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қаматамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы іске асырылуда. Қазіргі уақытта мегаполистегі орталық маңызы бар жеті жүз  қырық жеті көшенің  екі жүз жиырма сегізі жарықтандырылған.
Бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін осы жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жұмыстар қолға алынған болатын. Бүгінгі күнге дейін мердігер мекеме «ABM Building» ЖШС тарапынан  қырық  екі көшеге жарықшамдар орнатылды.
Шымкентте мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2021-2023 жыл аралығында үш жүз он екі көше жарықтандырылатын болады. Нақтылап айтсақ, Абай ауданында  сексен  алты көше, Әл-Фараби ауданы қырық  бес  көше, Еңбекші ауданы  тоқсан  екі көше, Қаратау ауданы жүз бір көшеге жарықшамдар қойылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР