2021-10-27 06:16:31
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте «Media camp» туристтік іс-шара өтті

Шымкентте «Media camp» туристтік іс-шара өтті 1
Шымкент қаласы «Сайрам» тұрғын алабындағы «Бүркіт» парашюттық спорт федерациясының аумағында «MEDIA CAMP» іс-шарасы өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – «Бүркіт» әскери-спорт базасын туристік объекті ретінде жарнамалау. Мұнда келуші қонақтар түрлі интеллектаулдық ойындарға қатысып, атпен серуендеп, ашық аспан астындағы кино тамашалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қонақтарға қаламыздағы жеке кәсіпкерлік нысандары өз өнімдерін ұсынып, тауарларын жарнамалады.
«Қазіргі таңда көпшілік демалысты табиғат аясында өткізуді қалайды. «Бүркіт» әскери-спорт базасы қала тұрғындары мен қонақтарының бұл сұраныстарына толықтай жауап бере алады. Республикамыздың тек үш аймағында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ғана дәл осындай маңызды нысан бар. Жылына орта есеппен 500 экстремалды спорттың жанкүйерлері осында ат басын бұрады. Осы көрсеткіштерді еселеп, базаның туристік нысан ретінде маңызын арттыру біздің алдымызда тұрған мақсаттарымыздың бірі. Сондай-ақ айта кететін жайт, іс-шара толығымен серіктестер көмегімен жүзеге асырылуда»,-деді туризм және сыртқы байланыс басқармасының бас маманы А.Нұрымбетов.
Жалпы іс-шара барысында ұйымдастырылған интеллектуалдық ойынға қатысқан командалар туризм тақырыбына қатысты сауалдарға жауап беріп, өзара үздіктер анықталды. Үш кезеңнен тұратын жарыс қорытындысымен «Жанұя» тобы үздік атанып, жеңімпаздар туристік фирмалар тарапынан өңіріміздің киелі орындарына тегін жолдамаға ие болды. Айта кетейік, көптің көңілінен шыққан бұл шара ашық аспан астында барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра өткізілді.
ҚР Қорғаныс Министрлігінің балансындағы нысан 256 га аумақта орналасқан. Қазіргі таңда, бұл аумақта «Шымкент қаласының парашютты спорт федерациясы» базаның дамуы бойынша жұмыс атқаруда. Аталған базада нұсқаушы, ұшқыш, авиатехник пен дәрігері сынды жалпы саны 12 қызметкер жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР