2024-03-29 17:14:14
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды

Шымкентте карантинге қатысты жаңа қаулы жарияланды
Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың жаңа қаулысы шықты. Қаулыға сәйкес:

Ашық базарлар жұмыс уақытын сағат 07.00-ден 17.00-ге дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады. Ал «Ashyq» жобасында «Лидер» деген статусы бар қатысушылар сағат 19.00-ге дейін шектеумен, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Жабық базарлар «Ashyq» жобасына тіркелмеген жағдайда олардың жұмысына тыйым салынады.
Қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.
Қоғамдық тамақтану орындары «Ashyq» жобасына тіркелмеген жағдайда жұмысына тыйым салынады. Ал «Ashyq» жобасына қатысушы субъектілер толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ елу орыннан асырмай уақытын сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін, ал «Лидер» статусы бар қатысушылар сағат 00.00-ге дейін шектеумен жұмыс істеуге рұқсат. Сенбі-жексенбі күндері тыйым салынды.
@gorzdravshymkent
@abdimanaptulebaev
@dsekshymkent

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР