2022-05-28 00:12:13
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 6 мыңнан аса кәсіпкер ашық жүйесіне қосылған

Шымкентте 6 мыңнан аса кәсіпкер ашық жүйесіне қосылған 1

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, Шымкентте 6 мыңнан астам кәсіпкер QR-код алса, 1 мың кәсіпкерлік нысанның тізімі бір апталық сынақ мерзімінің өтуіне байланысты қалалық әкімдіктің ресми сайтында жарияланған. Жобаға шаһардағы қоғамдық тамақтану нысандарының 80 пайызы қатысқан.

Ал қосымшасы бола тұра қызметінде ашықтықты қамтамасыз етпегені үшін 23 кәсіпкерлік нысанынан QR-кодтар кері қайтарылған.

–Осы күнге дейін карантин талабын бұзған 400 адам қосымша арқылы белгілі болды. Жоба тиімділігін жақсы көрсетіп жатыр, демек бизнес нысандарының қызметін түгел шектеу керек дегенді дұрыс деп санамаймын. Сондықтан Ashyq локдаун кезіндегі қатаң санитарлық шараларды жеңілдетуге бағытталған ең тиімді әдіс деуге толық негіз бар, -деді кәсіпкерлер ұйымының жетекшісі Н.Қабыштаев.

Бүгінгі таңда Ashyq жобасы бойынша үшінші мегаполисте 21 кәсіпкерлік нысан көшбасшы атанған. Олар негізінен қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласындағы бизнес нысандары және әуежай мен вокзал.                                            Айта кетейік, қосымшаға тіркелген кәсіпкерлер Ashyq бойынша кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат алса, жоба лидерлері екі сағат артық қызмет көрсете алады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР