2021-10-27 19:59:34
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 411 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды

Шымкентте 411 мыңға жуық адам вакцинаның екі компонентін салдырды 1
Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус анықталған жүз жиырма екі жағдай тіркелді. Белгілері бар –106, белгілері жоқ –16. Індет жұқтырған елу төрт адам инфекциялық стационарға жатқызылып, алпыс сегіз адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы мың төрт жүз он үш орын бар, төсек орын толымдығы 44%-ды құрайды, жеті жүз тоқсан төрт төсек орын бос. Инфекциялық стационарда алты жүз он тоғыз науқас емделуде, жансақтау бөлімінде екі жүз елу жеті төсек орын бар, жүз тоғыз  науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 8442 адам вакцина алды (I компонент-5684, II компонент-2758). Егу науқаны басталғалы барлығы 504 486 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 410 940 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР