2024-04-24 00:15:25
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Турнир жеңімпаздары марапатталды

Шымкент: Турнир жеңімпаздары марапатталды

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті базасында Шымкент қаласының Дарын орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар арасында ХIV республикалық математикалық «Бастау» турнирінің қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Турнирдің қалалық кезеңіне 47 жалпы білім беретін ұйымдарынан 170 оқушы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша 37 оқушы жеңімпаз атанып, I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз оқушылардың жетекшілеріне, үздік нәтиже көрсеткен 6 білім беру ұйымының директорларына алғыс хаттар табысталды. І дәрежелі диплом иегерлері республикалық кезеңге жолдама алды.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел дамуына арнаған стратегиялық баяндамасында, «Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті» дегені мәлім. Осы тұрғыда үкіметіміз білім беру мекемелеріне тәуелсіз мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітімді, жаңа форматты оқытуға көшу сияқты мәселелері мұғалімдерден щығармашылықты, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Осы талаптардың үддесінен шыққан білім саласының үздіктері жеңіс тұғырынан көрініп, марапат төрінен көрінді.
Турнир жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы және Шымкент қаласы «Дарын» орталығы директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Джеренова Раушан Омарханқызы жеңімпаздарды марапаттап, жас математиктерге алдағы республикалық кезеңде сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР