2021-10-27 20:15:23
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Отан қорғаушылар күнінде 100-ге жуық полицей марапатталды

Шымкент: Отан қорғаушылар күнінде 100-ге жуық полицей марапатталды 1
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Аталған іс-шарада Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов арнайы құттықтау сөзін сөйлеп, халықтың мызғымас тыныштығы үшін еңбек етіп, күндіз-түні қызметте жүрген полицейлерге Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болуға шақырды.
Салтанатты шара аясында қызметтерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының шифрлау қызметіне 100 жыл» естелік мерейтойлық медалімен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетов марапатталды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция полковнигі Бекманов Ерлан Исабекұлы, полиция подполковнигі Горбачев Александр Иванович, полиция аға лейтенанты Жарасов Әбжаппар Рахметиллаұлы марапатталды.
Шымкент қаласындағы Дендросаябағында өз-өзіне қол жұмсамақ болған азаматты байқап, құтқарып, дер кезінде ауруханаға жеткізіп, өз қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ министрі полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен полиция аға лейтенанты Моллаходжаев Тұрар Дүйсенханұлы мен полиция лейтенанты Асылбеков Әлібек Асылбекұлы «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Бұдан бөлек, ҚР ІІМ тарапынан 30-ға жуық полиция қызметкеріне төс белгілері мен алғыс хаттары табысталды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жумаханбетовтың бұйрығымен 24 қызметкерге Грамота, 20 қызметкерге Алғыс хат, 17 қызметкерге Алғыс жарияланып, 9 қызметкердің мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынған.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шешімімен 7-мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай қызметтік міндеттерін адал орындап, жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін Алғыс хатпен 5 полиция қызметкері марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР