2021-10-17 18:14:48
23.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкент: Әскерилер балаларға арналған мерекелік сайыс ұйымдастырды

Шымкент: Әскерилер балаларға арналған мерекелік сайыс ұйымдастырды 1
Халықаралық балаларды қорғау күні Шымкенттегі механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері «Балалар – біздің болашағымыз» мерекелік спорттық сайысын ұйымдастырды.
Әскери қызметшілердің балалары эстафетадан, шағын футболдан және үстел теннисінен сайысқа түсті. Олар керемет физикалық қасиеттерді, спорттық рухты және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын көрсетті.
Спорттық іс-шара 2006-2010 жылдары туған балалар арасында ұйымдастырылған шағын футбол турнирімен бастау алды. Жеңіс үшін алты команда бақ сынады. Үстел теннисінен турнирге 10-12 жас аралығындағы қыздар қатысты.
Шағын футбол және үстел теннисі бойынша жарыстар аяқталғаннан кейін сайыстың барлық қатысушылары эстафетада өздерінің үйлесімділігін көрсету үшін командаларға бірікті.
— Біздің балаларымыздың жарқын және әдемі болашағы оларға қамқорлық жасаудан басталады. Біз, ересектер, өсіп келе жатқан балаларға, олардың балалық шақтарын еске түсіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Осындай спорттық жарыстар командалық рух пен жеңіске деген ұмтылысты тәрбиелеуге мүмкіндік береді, салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді, – деп атап өтті бригада командирінің орынбасары подполковник Азамат Нұрмаханов.
Жеңімпаздарды жеке және командалық біріншілікте анықтап, оларға Қарулы Күштердің белгілері бар грамоталар мен кәдесыйлар табысталды.
Спорттық жарыстардың арқасында балалар әскери бөлімнің спорт кешенінде жұмыс істейтін спорттық үйірмелер мен секцияларында не үйренгендерін көрсете алды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР