2022-05-24 00:16:19
17.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Рысқұлов — Қонаев көшесіндегі жолайрық құрылысында инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған

Рысқұлов - Қонаев көшесіндегі жолайрық құрылысында инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған 1
Қала әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысуымен өткен пресс-тур барысында БАҚ өкілдері Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында салынып жатқан жолайрықтың құрылыс алаңына барды.
Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша — 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша — 684,7 м. Жолдың ені — 45 метр.
Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі желтоқсан айына жоспарланған. Бүгінде мұнда инженерлік жұмыстар толығымен аяқталған. Қонаев көшесі бойынша 300м асфальт жабындысы төселген және жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Рысқұлов көшесі бойынша ескі асфальт жолы толық алынып, жол негізі әзірленген. Рысқұлов бойынша Байтұрсынов пен Қонаев аралығында екі қабат асфальт қабаты төселінген.
Жобаға сәйкес Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейінгі аралық жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған. Көпір өткелін салу, жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы 10 қыркүйекке дейін шектелген.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР