
Аудан аумағында барлығы 989 кәсіпкерлік объектілері орналасқан болса, оларда күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Баршамызға белгілі коронавирис инфекциясы салдарынан қаламыздағы ахуал күн санап күрделенуде. Мобильді топ мүшелері күндізгі және түнгі рейд шарасын күделікті жалғастыруда. Аталған топтың үздіксіз жұмыстарының нәтижесінде бүгінде аудан аумағындағы барлық сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындары карантин талаптарын толықтай сақтап, шектеулі уақытта жұмыстарын тоқтатуда. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, кәсіпкерлік нысандарда орын алған кемшіліктерге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен карантин талаптарын бұзу бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынады.