2024-03-28 21:51:14
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Өтегенов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталады

Өтегенов көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары келер жылы аяқталады

Шымкентте биыл жол инфрақұрылымын дамыту үшін 352 шақырым көшеде жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 283,8 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

1-кезеңге сәйкес Өтегенов көшесінің жалғасы “Шымкент Сити” шағын ауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Кезеңнің жалпы ұзындығы 970 метр,  ені — 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, асфальтбетон қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

2-кезең бойынша Өтегенов көшесі жалғасының құрылысы Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жолдың ұзындығы — 970 шақырым, ені — 23,5 шақырым. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстары 2021-2023 жылдар аралығына жоспарланған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР