2024-03-29 16:41:16
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Нұртаста инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүруде

Нұртаста инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүруде

Нұртас елді мекені — қаламыздағы электр қуаты сапасыз 8 елді мекеннің қатарында.

Бұл мәселені шешу мақсатында  Нұртас елді мекеніне электр қуатын тарту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін құрылыс жұмыстарының 45 пайыздан астамы аяқталды.

Құрылыс барысында  600-ден астам электр бағанасы орнатылып, 3 шақырымға жуық электр желілері тартылды.

Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылатын болады.

Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Нұртас елді мекенінде ішкі орамдық газ құбыры тартылуда.

Бүгінге дейін жұмыстардың  85 пайыздан астамы аяқталып, 15,7 шақырым газ құбыры орнатылды. Газ құбырын тарту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Ағымдағы жылы Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР