2022-01-27 12:18:53
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Nur Оtan» партиясының депутаты Республикалық марапатқа ие болды

«Nur Оtan» партиясының депутаты Республикалық марапатқа ие болды 1

Жуырда қалалық мәслихатының депутаты, “Құрмет” орденінің иегері, кәсіпкер, меценат Байкен Әшірбаев “Парасат” орденімен марапатталды. Адамгершілігімен парасаттылығы биік ағамыз болмысына лайықты марапатқа ие болғаны қуантып отыр.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Әшірбаев Байкен Әшірбайұлын қайырымдылықты жарыса жасайтын азаматтар қатарында екенін халық біледі. Есте болса, Байкен аға «30 игі іс» қайрымдылық марафоны аясында қыс айында, пандемия кезінде 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін таратқан еді.

Ал Рамазан айында жеке өз қаражатын ел игілігіне жұмсап, мұқтаж отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Халық қалаулысы өзінің қабылдауына жеке мәселесімен келетін тұрғындардың көңілін қалдырмай, көмек қолын үнемі созады. Көмекке мұқтаж, аз қамтылған жанұяларға жәрдем беру, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік ету жолында демеушілік көрсетіп, көптің алғысын арқалап келеді.

Халықтың өзі ел азаматының қолдауын бағалап, алғысын жаудырғаны болмаса, Байкен аға жасаған жақсылығын жария етпейтінінен хабардармыз. Деседе жақсының жақсысын айт нұры тассын, деген қанатты сөз текке айтылмаса керек.

Осыдан он жыл бұрын «Батыр Шапағаты» медалімен және

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған құрметті азамат 2013 жылы “Құрмет” орденімен де наградталған.

Мерейі үстем болуға әбден лайық азамат биыл “Парасат” орденімен марапатталып, Сайрам ауданының құрметті азаматы атағына ие болды.

Халық қалаулысы тұрғындардың мәселесін басты назарға алып, қаланың даму бағыты аясында Бадам 1, Бадам 2 өңірдегі су тасқынан зардап шеккен көпірлердің орнына заманауи біреуі 45 метірлік, екіншісі 25 метірлік көпірдің салынуына демеушілік жасаған. Қазығұрт ауданы мәдениет үйінің би топтарына республикалық сайысқа қатысуына қаржылай қолдау көрсеткен. Нәтижесінде қала мәдениетінің мәртебесі артып, би тобы республикада 2-орын иемденіп қайтқан еді. Спорттық сайыста ел намысын қорғайтын көптеген командаға қаржылай көмегін аямаған.

Елі үшін еңбегі ерен тұлға барлық марапатқа лайық!

Азиза Мадиярқызы

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР