2024-03-29 03:26:21
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

“NUR OTAN” партиясы өз уәдесіне берік

“NUR OTAN” партиясы өз уәдесіне берік

Көктем айында осы аймақтың тұрғындарымен кездескенбіз, сонда тұрғындар тарапынан біршама мәселелер айтылып, партия тарапынан тиісті мекемелерге жеткізетінімізді ескерткенбіз. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»«Nur Otan» партиясы атты 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында жарық мәселесін шешу бағыттары да жоспарланған. Міне күні кеше, Еңбекші аудандық партия филиалы төрағасы, аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлымен бірге Қарабастау тұрғын алабындағы электр желісінің сапасына бақылау жасадық.

Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабында электр желісінің құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы қараша айында басталған болатын. Қазіргі таңда жаңа құрылыс аймағы сапалы электрмен қамтылды.

Мердігер мекеме «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-і тұрғын алапта қуаттылығы 900-ге жуық абонентке арналған 19 шақырым электр желісін жүргізді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» тарапынан есеп-шот ашу жұмысын аяқтап, тұрғындар сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.

Аяқталу мерзімі келесі жылға жоспарланған нысан жуырда пайдалануға берілді.

“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі,
қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаев

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР