2024-04-26 03:00:54
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілуде

Мазараттарда тазалық жұмыстары жүргізілуде
Әл-Фараби ауданына қарасты бес мазарат бар. Олар Сауле, Ақтас, Ақтас-2 шағын аудандарында, екі жүз жетпіс бес  орам және Текесу тұрғын алабында орналасқан.
Мазарат маңының қураған шөптерін ору, сынған, қураған ағаштарын бұтау жұмыстары кестеге сай атқарылып келеді. Сондай-ақ, аталған мазараттарда қоқыс шығару, қоршауларын ретке келтіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Оған мекеме тарапынан он техника, отыз адам жұмылдырылған.
Ауданда орналасқан мұсылман мазараттарының күтіп-баптауына жауапты «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы тұрақты түрде аптасына екі  рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР