2024-04-19 23:21:56
20.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Көпжылдық гүлдер егу тиімді

Көпжылдық гүлдер егу тиімді

Әл-Фараби ауданында орталық көшелерді, кіреберіс алаңдар мен саябақтарды көріктендіру жұмыстары қайта жанданды.

Ауданда Қажымұқан стадионы аумағы, Қонаев, Республика және Тәуке хан даңғылдары, Рысқұлбеков, Түркістан, Желтоқсан көшелерінің бойына көпжылдық хризантема гүлі егілуде.

Көгалдандыру жұмыстары толық аяқталса, биыл аудан аумағында егілген көпжылдық гүлдер саны 18 мыңнан аспақ.

Мамандардың сөзінше, хризантема гүлі көпжылдық гүлдер тобына жатады және жылдың осы мезгілінде отырғызылады.

Одан бөлек, көктем мезгілінде 166 695 дана біржылдық цинния, шафран,бонанза, петунья, вербинья сынды гүлдер егілген болатын.

Әл-Фараби ауданын көгалданыру бойынша биылғы жоспар ауқымды. Биыл абаттандырылатын аумақтар көбейіп, гүлзарлар алаңы ұлғайтылмақ. Сәнді өсімдіктер шаһар көшелерін ажарландыра түспек.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР