2024-03-29 02:40:41
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Ирригациялық арықтар тазалануда

Ирригациялық арықтар тазалануда
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аумағында алдағы күзгі, қысқы жауын-шашын маусымында су басудың алдын алу мақсатында кестеге сәйкес ирригациялық арықтарды санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Мердігер мекеме «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан Елшібек батыр, Ерімбетов, Рысқұлов, Уәлиханов көшелері мен шағынаудандар аумағында орналасқан ирригациялық арықтар тазаланды.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде атқарылады.
Су басудың алдын алу – жалпы тұрғындардың міндеті. Қала тұрғындарын үй жанындағы ирригациялық арықтарды тұрмыстық және құрылыс қалдықтарынан уақтылы тазалап, санитарлық жағдайды сақтауға шақырамыз.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР