2024-04-20 09:19:31
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Бірлескен жерде береке бар

Бірлескен жерде береке бар
Бүгін Әл-Фараби ауданында сенбілік жұмыстары ерекше көңіл-күймен басталды. Ең алдымен аудан әкімі Рашид Мыңбаев Конституция күніне орай ең белсенді қала еріктілерін алғыс хатпен марапаттады.
Марапаттау рәсімінен соң, Әл-Фараби ауданының қызметкерлері және екі жүзге жуық еріктілер тоғыз  топқа бөлініп, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімі барша тұрғындарды тазалық жұмыстарын бірлесе атқаруға шақырып, бірлескен жерде береке барын айтты.
Сенбілік барысында Терешкова, Быковский көшелерінің он төрт ауласы қоқыстан тазартылды. Ауладағы балаларға арналған ойын элементтері және орындықтар сырланды. Қураған, сынған ағаштар кесіліп, тал түптері әктелді.
Аталған тазалық шарасына он жеті  арнайы техника жұмылдырылды.
Осылайша сенбілікке жиналған азаматтар тазалау жұмыстарын ұйымшылдықпен атқарды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР