2024-04-27 07:12:18
11.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Бәйтерек» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

«Бәйтерек» холдингіне жаңа басшы тағайындалды

Мұхамеджанов Әділ Бектасұлы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Citynews.kz Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Ол осы уақытқа дейін Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы« АҚ-ны басқарған.

Ә.Мұхамеджанов тәуекел менеджментін дамыту, корпоративтік дамыту, стратегия, талдау және зерттеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

Әділ Бектасұлы 1981 жылы туған. 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Халықаралық экономист» біліктілігімен, «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығын алған. 2003 жылы Ноттингем университетінде (Ұлыбритания) «Қаржы және менеджмент» мамандығын бітірген. 2018 жылы Чикаго университеті жанындағы Бута атындағы бизнес мектебінде ЕМВА дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2003 жылдың қазан айында «КазТрансОйл» жабық акционерлік қоғамында жобаларды басқару департаментінің маманы болып бастады.

2004 жылдың наурыз айы мен 2016 жылдың наурыз айы аралығында «Caspian Energy Inc» PLS Канада, Торонто қаласында, «Арал Петролиум Кэпитал» жабық акционерлік қоғамында қаржы менеджері, Вице-президент лауазымдарында жұмыс істеді, сондай-ақ аталған компанияның директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2010 жылдың қыркүйегінен 2011 жылдың желтоқсанына дейін «Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

2008 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін «АзияКредитБанк» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі.

2016 жылдың қыркүйек айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР