2024-04-18 18:51:13
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Баға тұрақтылығы басты назарда

Баға тұрақтылығы басты назарда

Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, мегаполис халқы бір жылда жалпы көлемі 500 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұтынады.

Аталған басқарманың бөлім басшысы Қ.Базарбаевтың айтуынша, шаһарды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үлесі тиісті деңгейде. Тұрақтандыру  қорымен бірге «Шымкент май» АҚ, «Алтын Дән» ЖШС, «Барыс-2007» ЖШС, «Шымкент құс» ЖШС, «Шымкент сүт» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар да осы мақсатта өз үлестерін қосып келеді. Мәселен, қаланың ұн, рожки, күнбағыс майы және тауық жұмыртқасы өнімдері жүз пайыз аталған өндіріс орындарының мойнында. Бұдан бөлек, қала аумағына өзге өңірлерден немесе алыс-жақын шет мемлекеттерден тасымалданатын азық-түлік қорлары «Meir-Trade Dirstibution Company» ЖШС, «Прима Дистрибьюшн» ЖШС, «Асан» ЖШС тағы сол секілді ірі дистрибьютерлік желілер есебінен түгенделеді. Бүгінгі таңда қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары құнын тұрақтандыруға қатысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, соның аясында өңірлік тұрақтандыру қоры жұмыс істеуде.

Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен  7,7 млрд.теңге бөлінген. Қаладағы «Magnum Cash&Carry», «Gramad» секілді ірі сауда желілерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Шымкент құс» ЖШС, «Қасқасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтары,  ЖК «Темиршиков», «Дос» ЖШС, ЖК «Сәлін Тимур» тағы сол сияқты жергілікті тауар өндірушілері мен ірі бизнес субъектілеріне 5,4 млрд. теңгеге жуық қаражат айналымға қарызға беріліп, бұл бойынша тиісті келісімшарттар түзілген.

Ал, кәсіпкерлік субъектілерімен жасалған келісімшарттар негізінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қаламыздағы 40-қа жуық ірі сауда желілерінде белгіленген бағада сатылып жатыр. Соның арқасында қала тұрғындары ең қажетті деген азық-түлік тауарларын нарық бағасынан төмен бағада сатып алуға мүмкіндік алды.

Басқарма тарапынан келтірілген ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылға қаралған 2 млрд теңге қаржы халықтың тығыз орналасқан аймақтарындағы тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен төмен бағада қамтамасыз ету үшін бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР