2024-04-23 15:36:08
27.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

«Аналар кеңесі» өтті

«Аналар кеңесі» өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас қыздар арасында «Аналар кеңесі» тақырыбында кездесу  өтті.

Бүгінгі кездесудың мақсаты: жастар арасында қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты және этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайту және сақтауға өзіндік үлесін қосу.  Үй мен түздің тізгінін тең ұстап, қазанын қайнатып, баласын ойната жүріп, еңбектің бел ортасынан табылатын әйелдердің тындырымды іс-әрекеттері көпке үлгі ету.

Кездесуге: Еңбек ардагері Құрманбекова Шарапат Қожахметқызы қатысты.

Аталмыш шарада отбасы құндылығы, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат-мүдделері туралы ой қозғалып, жастардың толғандырған сұрақтарына мардымды жауаптар алынды.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР