2024-03-29 20:33:06
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Алтынтөбе тұрғын алабында қайта өңдеу өндірісінің құрылысы жүргізілуде

Алтынтөбе тұрғын алабында қайта өңдеу өндірісінің құрылысы жүргізілуде
Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Алтынтөбе» тұрғын алабындағы «Алан и Компания» ЖШС-нің көкеністер мен жемістер өңдейтін кәсіпорын құрылысын аралап көрді.
Бүгінде тұрғын алапта қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. «Алан и Компания» ЖШС алма (39,5 га), шабдалы (2 га), алмұрт (2 га), жүзім (1,5 га) шаруашылығы бойынша жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Инвестиция көлемі – 400,0 млн. теңге. 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Одан бөлек, сиымдылығы – 1,3 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді.
Жеке кәсіпкер 2021 жылы жеміс-көкөніс қайта өңдеу өндірісінің құрылысын жүргізуде. Инвестиция көлемі – 1 200,0 млн. теңге («АКК» АҚ-нан несие алынды). Құрал-жабдықтары Түркиядан әкелінеді. Бұл бағытта жалпы 30 адам жұмыспен қамтылады. Алда шырын, джем, пектин ұнтағы сынды өнім түрлері дайындалады.
Сондай-ақ, голландиялық үлгідегі жылыжай кешенін салу жоспарда Инвестиция көлемі – 5,2 млрд.теңге. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге жер анықталып, «АКК» АҚ-нан несие алуға құжаттар жинақталуда.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР