2024-04-18 18:32:44
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте жастардың мәселесін шешу 5 бағытта жүргізіледі

Шымкентте жастардың мәселесін шешу 5 бағытта жүргізіледі

Бұл туралы Шымкент қалалық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Мағжан Исахов мәлімдедіБүгінгі таңда жастардың мәселелерін шешуде алдымызда 5 негізгі жұмыс бағыты тұр деген Мағжан Исахов олардың әрқайсысына тоқталып өтті. – Бұл – азаматтық белсенділік, сапалы білім, лайықты жалақысы бар жұмыс, қолжетімді баспана және бос уақытты тиімді ұйымдастыру. Оның әрқайсысының тиянақты жүзеге асырылуы еліміздің әрбір жас азаматы үшін маңызды. Осы бағыттар аясында біз алдымызға жастардың өмір сүру сапасын арттыруға, өз қабілетін іске асыру әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін нақты міндеттер қойдық. Аталған міндеттерді іске асырудың жолдары «Жастар – Отанға!» бағдарламасында нақты белгіленген, — деді төраға.

Мағжан Исаховтың айтуынша, бағдарламаның бағыттарына сәйкес қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кешенді шаралар мен нақты индикаторлар көрсетілген аймақтық жол карталары қабылданады. Олардың іске асырылуы еліміздің әрбір ауданы, қаласы үшін үлкен басымдыққа ие болады.
Екіншіден, жастар үшін белгіленген 20% квота бойынша партияішілік праймериз арқылы белсенді және талантты жас қазақстандықтардың тізімі жасақталады. Нәтижесінде, партияның жас өкілдері ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарда 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын жүзеге асыруда нақты тетіктерге ие болады. Үшіншіден, мемлекеттік органдар тарапынан жастардың өзекті мәселелерінің шешілуін жүйелі бақылау үшін «Jas Otan» жастар қанаты мен «Nur Otan» партиясының ресурстары мен мүмкіндіктері толық қолданылады.

Статистикаға жүгінсек, үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Оның 84 771-і жұмыс істесе, өзін-өзі жұмыспен қамтығандары — 23 602.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР