2024-07-14 18:28:41
32.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

АРЫСТА ПАРТИЯЛАСТАР ҮЗДІКТЕРДІ ТАҢДАДЫ

АРЫСТА ПАРТИЯЛАСТАР ҮЗДІКТЕРДІ ТАҢДАДЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Арыс қалық филиалының кезектен тыс XL конференциясы өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қалалық мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп және облыстық партиялық тізіміне үміткерлер анықталды.

Сонымен қатар, қалалық сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайланды.

Конференцияда облыстық мәслихатқа үміткер, праймериз кандидаттары Алымжан Ахметов, Нұржан Адамбеков, Рабиға Қуатбекова, Мөлдір Сарыпбекова, Перизат Сулейменова дебатқа қатысты. Тиісті квотаға сәйкес 3 үміткер жоғары дауыспен облыстық мәслихат тізіміне өтті. Солардың бірі – «Халықтар Достығы» университетінің ректоры Рабиға Қуатбекова. Ал екінші үміткер Арыс қаласына танымал кәсіпкер Алымжан Ахметов. Үшінші үміткер Мөлдір Сарыпбекова. Жалпы конференцияда дауыс беруге 41 делегат қатысқанын айта кету керек.

Қалалық мәслихаттың тізімінде әйелдердің үлес саны 11 пайыздан 30 пайызға дейін яғни 3 есе артатын болады. Ал 35 жасқа дейінгі жастар – 0 пайыздан 20 пайызға артқалы отыр. Жаңа тізімге сай Арыс қалалық мәслихатына әйелдер үлесі 30 пайызға жетсе, 35 жасқа дейінгілер қатары да артпақ.

АРЫСТА ПАРТИЯЛАСТАР ҮЗДІКТЕРДІ ТАҢДАДЫАйта кетейік, бұған дейін Арыс қалалық мәслихатында 13 депутаттық мандат болған. Оның 1-еуі ғана әйел. Сондай-ақ, олардың жас мөлшерлері де әр түрлі. Яғни, 41 мен 50 жас аралығында 6 адам, 51 мен 60 жас аралығындағы депуттар саны 6, ал 60-тан асқан 1 депутат болған. Енді бұл көрсеткіштер күрт өзгергелі отыр. Бір сөзбен айтқанда Арыс қалалық мәслихаты депутаттарының құрамы 70 пайызға дейін жаңармақ.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР