«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтетін болды, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл жайында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімет таратты. «Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылғы 25 қарашада өткізу туралы қаулыға қол қойды» деп жазды партия басшысы Twitter парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын шақыру туралы қаулыға қол қойған болатын.