2024-04-20 15:08:02
24.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Байден халыққа үндеу жасады

АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Байден халыққа үндеу жасады
Фото: Photo by JIM WATSON / cnn.com

Байден Пенсильванияда таза жеңіске жетіп, CNN бағалауы бойынша, 273 дауысқа ие болған, ал Трамптың жинаған дауысы — 213.

Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байден халық алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды CITYNEWS.KZ ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ол 74 миллион дауысқа ие болған. Сайлау нәтижесі әлі ресми түрде жарияланған жоқ, деп хабарлайды ТАСС.

— Біздің халық өз таңдауын жасады. Олар айқын әрі сенімді жеңіс сыйлады, — деді Джо Байден.

Ол өзінің ешкімді «бөліп-жармайтын, керісінше бәрін бір жұдырыққа жұмылдыратын» президент болатынын айтты. Сондай-ақ ол әлемдегі АҚШ-қа деген құрметті қалпына келтіруді және нәсілшілдікті жою үшін барын салуды өз мақсаты ететінін жеткізді.

Дүйсенбіде ол пандемиямен күресу жоспарын жасау үшін сарапшылар тобын тағайындайды.

Байден сенбіде АҚШ президенті болып сайланғанын жариялады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР