2024-03-29 10:23:32
6.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қайтыс болған әріптесінің жанұясын мерекемен құттықтады.

Шымкентте Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері қайтыс болған әріптесінің жанұясын мерекемен құттықтады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасында жедел уәкіл болып жұмыс атқарған марқұм Талғат Чулдаков өз ісіне жауапкершілікпен және адалдықпен қарап, қылмысты ашуда және алдын алуда өз шеберлігін көрсеткен, кәсіптің қыры мен сырын жақсы меңгерген, қызметті абыроймен атқарған тәртіп сақшысы. 2018 жылы жол-көлік оқиғасында алған дене жарақаттарынан қайтыс болған.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның басшылары Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесінің қарсаңында Талғат Чулдаковтың отбасына арнайы барып, артында қалған балалары мен жұбайына мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
Марқұмның жұбайы: «Еңбекші ауданы Полиция қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесімен құттықтаймын. Елеп-ескеріп, еске алып келіп отырғандарына көп-көп рақмет. Арқашанда жақсылық болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Азаматтарымыз қызметтен аман-есен оралсын» — деп полицейлерге алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР