2024-11-21 20:32:08
5.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Заңсыз сақтаудағы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы басталды

Заңсыз сақтаудағы атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы басталды

2021 жылдың 20 сәуірінен бастап Шымкент қаласында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды, деп хабарлайды Citynews.kz қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ заттары үшін мемлекет тарапынан әрбір қару үшін оның техникалық жай-күйіне байланысты оннан бастап жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай сыйақы төленеді. қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарға сыйақы есепшоттарына аударылады.

Айта кетер жайт, тіркелмеген атыс қаруы оқ-дәрілер және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады. Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын өткізілетін акцияға белсенді қатысуға шақырады.

Байланыс телефоны: 102; +7 707 785 3505.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР