2024-04-25 05:52:01
19.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте нан 5 теңгеге қымбаттады

Шымкентте нан 5 теңгеге қымбаттады

Бұл туралы 24.kz сайтында жарияланды. Ақпартта бұрын 80 теңгеден сатылған  бөлке, енді 85 теңге болды делінген. Алайда дүкендер мен базарларда баға әлі де құбылып тұр. Ұн мен майдың бағасы да тұрақталған жоқ.

Мәселен, күнбағыс майының бағасы 2 есеге өсіп, ашытқы 40 теңгеге қамбаттап кеткен. Жергілікті билік бағаны тұрақтандыру үшін арнайы келісім шарт жасамақ.

Мониторингтік топтар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп нан бағасын 80 теңгеде сақтаймыз дейді. Нәтижесінде әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы,  нарықтағыдан төмен болмақ.

– Бұл ретте арнайы жұмысшы топ құрылып, құзырлы мекеме басшыларының қатысуымен нанның шығындар бағамы қайта қаралып, нанның дүкенге жеткізілу бағасы 75 теңге, дүкеннің үстеме ақысы 5 теңге көлемінде белгіленіп, тұтынушыға 80 теңге көлемінде белгіленіп отыр, деп түсіндірді мән-жайды ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасыгың сауда бөлімінің басшысы Қайрат Базарбеков.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР