Қала әкімі шалғай елді-мекендердегі тұрғын үй құрылысына берілген жаңақұрылыс жер учаскелерін ауыз сумен қамтуды тапсырған болатын.
Осы мақсатта Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапта, атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекендерінде құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жұмыстар 2023 жылға өтпелі түрде жасалады деп жоспаолануда.
Қазіргі таңда, “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс барысында жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатылуда.
Және де алдағы уақытта “Жұлдыз” тұрғын алабындағы 484 абонетті қамту жұмыстары жүргізілмек.
Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Ал, жаңақұрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары 2023 жылы толығымен аяқталады деп жоспарлануда.