Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов қала әкімінің ұлттық халық санағын белсенді өткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Е.Құлтаевпен бірлесіп, халық санағын дайындау және өткізу бойынша отырыс өткізді.
Жиын барысында департамент басшысы халық санағын өткізуге дайындық бойынша ағымдағы жағдай туралы хабардар етті. 1 маусымнан бастап тұрғын үй ретінде пайдаланылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар мекенжайларының тізімін, сондай-ақ олардың әрқайсысында тұрақты тұратын халық санын нақтылау үшін әрбір елді мекен бойынша аралау жүргізіліп жатқаны айтылды.
Аудан аумағындағы халық санағының I-кезеңі барысында қалаға кіретін шалғай елдімекендердегі көшелердің атауларына қатысты бірқатар мәселелер сөз болды. Аудан әкімі барлық жауапты қызметкерлерге аудандағы халық санағы бойынша туындаған мәселелерді жүйелендіру және тез арада шешу жөнінде тапсырма берді. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі белсенді жандандыру қажеттігін атап өтті.
Халық санағының маңызды деректері sanaq.gov.kz. сайтта орналастырылған. Кез келген азамат ұлттық санаққа қатысты барлық деректерді көре алады. Еліміздің барлық аумағында ұялы және стационарлық телефондарға арналған «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді.