2025-03-14 11:45:37
15.2 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тұрғын үйге кезекке тұру электронды түрде орындалады

Тұрғын үйге кезекке тұру электронды түрде орындалады

Тұрақты жұмысы бар 29 жасқа дейінгі жастарға сатып алу құқығынсыз 211 пәтерге конкурс өткізіліп, қазан айында жалдау келісім шарттарын беру жұмыстары жүргізіледі.

Ал қалған пәтерлер жыл соңына дейін кезең-кезеңмен табысталатын болады. 2021 жылы  жалпы саны 1596 азамат жалдамалы баспанамен қамтылды. Оның ішінде жұмыс істейтін жастарға 904 пәтер қолданысқа берілсе, 692 пәтер тұрғын үй кезегі санаттары бойынша азамттарға үлестірілді.

Қазіргі таңда арендалық тұрғын үйлерді белгіленген тәртіппен кезек арқылы көпбалалы отбасыларға, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және жұмыс істейтін жастарға беру қарастырылуда. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында  кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық дерекқорының сервисі қолданылады.

Тұрғын үй кезегіне  тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  67 бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, азаматтың тұрғылықты мекен-жайы кемінде үш жыл тұрақты Шымкент қаласында болуы және өтінім берушіде және отбасы мүшелерінде  соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үйдің тіркелмеуі шарт. Жоғарыда аталып өткендей, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар, халықтың әлеуметтік  әлсіз тобына жататындар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және  әскери қызметшілер, жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар кезекке тіркелу үшін өтініш білдіре алады.

Егер азаматтар жоғарыда аталған санаттардың біріне сәйкес келсе, онда тұрғын үйге кезекке тұру  үшін барлық қажетті құжаттармен бірге өтінімді «kezеkte.kz» электрондық порталы арқылы жолдай алады.

Бір ескеретін жәйт, арендалық көппәтерлі тұрғын үйлерге тұрғын үй басқармасы тарапынан жергілікті құқық қорғау органдарының қатысуымен тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. Сондықтан арендалық баспанамен қамтылған азаматтар келісім шарт жасасқан күннен бастап 1 айдың ішінде қоныстануы яғни көшіп баруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР