2024-11-26 09:42:29
7.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ашылған аллея дендросаябаққа сән беріп тұр

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ашылған аллея дендросаябаққа сән беріп тұр

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта ашылған «Шымкент қаласы имамдарының аллеясы» қоршаған ортаға сән беріп тұр.

Бұған дейін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ұсынысы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың басшылығы тарапынан қолдау тауып, арнайы жер бөлініп имамдар аллеясын ашу туралы шешім қабылданған болатын.

Ендігі мақсат – бөлінген жер аумағына түрлі сұрыптағы ағаштар отырғызып, тұрақты тазалық шараларын өткізіп, қоршаған табиғатты аялауды және қала тұрғындарына жақсы көңіл күй сыйлау. Айта кетейік, дендросаябаққа белгіленген арнайы орынға жоғары сұрыпты 205 түп ағаш көшеті отырғызылған. Бұл шара Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өткізіліп отыр. Ағаш көшетін отырғызу шарасы мешіттер мен өзге де орындарда биыл жалғасады.

Еске сала кетейік, Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы 1979 жылы құрылған болатын. Саябақтың құрылуына мемлекет қайраткері Асанбай Асқаров мұрындық болды. Саябақтың қазіргі уақыттағы жер көлемі – 117 гектар. Мұнда бүгінде 500 мыңнан астам ағаш және 1 миллионнан астам шөптесін өсімдіктер бар.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР