Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы бес жылда еліміздің орман қорында 2 миллиардтан астам, ал елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызуды айтқан болатын. Осы бағытта Шымкент қаласының жасыл алқап көлемін ұлғайту мақсаты қойылды. Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асуыру үшін ағаш-бұта көшеттерін өсіруге арналған орман тұқымбақтарын дамыту қажет.
Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі тұқымбақ аумағы жыл соңына дейін 2,8 гектардан 8,2 гектарға ұлғайтылатын болады. Сонымен бірге, аталған мекемеге мемлекеттік орман қорынан 752,8 гектар жер учаскесі бекітіліп берілді.