2024-11-26 09:25:31
8.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігі қомақты

Шымкенттің Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігі қомақтыБиыл – Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздікке қол жеткізіп, мықты мемлекет қалыптастырудағы рөлі ерекше.

30 жылда Қазақстан бір ғасырға бергісін өзгерісті бастан өткерді. Мәселен, Шымкенттің өзін алар болсақ, қала халқы 90-шы жылдары 400 мыңнан астам болса, қазіргі таңда бір миллионнан асып отыр. Яғни, Шымкенттің әр екінші тұрғыны Тәуелсіздік тумасы деуге болады.

Шымкент қаласында 30 жыл бұрын 69 мың оқушысы мен 72 мектеп бар болған болса, қазір 223 мың оқушы оқитын 178 мектеп бар екен. Ал, қала бюджеті 1991 жылы 1 млрд теңге болатын, күні бүгінге 460 млрд-тан теңгеден асып отыр. Өмір сүру ұзақтығы он жылға өсті. 1991-ші жылдары орташа жас 63,9 болса, қазір — 74,4 жас. Сонымен қатар, қаланың жолдары 3,6 есеге ұлғайып, 3060 шақырымға жетті.
Айта кетейік, Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағы 2014 жылы мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылды. Саябақ шымшаһардың ең биік жеріне орын тепкен. Әрі бұл жер қаланың тарихи-рухани бастау алған жері саналады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР