2024-11-24 16:23:56
12.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкенттік дәрігерлер бронхопластикалық операцияларды меңгеруде

Шымкенттік дәрігерлер бронхопластикалық операцияларды меңгеруде

Шымкент қалалық онкологиялық орталығында Санкт-Петербург қаласындағы Н.Н. Петров атындағы онкология ғылыми-зерттеу институтының профессоры, РҒА академигі Е.В.Левченконың қатысуымен бронхопластикалық операциялар бойынша шеберлік сабақтар ұйымдастырылды.

Жоғары технологиялық операцияның тиімділігі зор. Ота кезінде онкологиялық дертке шалдыққан науқастарда қатерлі ісік тек алынып қана қоймай, өкпені сақтап қалуға да мүмкіндік туындайды.

Күрделі операциялар осыған дейін шет мемлекеттерде жасалып келген. Мұндай оталар пациентті онкологиялық аурулардан айықтырып қана қоймай, түрлі асқыныстарды алдын алып, белсенділігін аз уақытта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Шеберлік сабағы аясында озық технологияларға негізделген оталар үш науқасқа жасалды. Ресейлік профессордың нұсқауымен жергілікті мамандардар оталарды сәтті жасап шықты.

Бүгінде орталық мамандары онкологиялық дертпен күресте, заманауи талапқа сай хирургиялық көмектерді көрсетуде әлемдік деңгейдегі тәжірибелі дәрігерлермен әріптестік байланысты нығайтқан.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР