
Іс-шараға Кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбай және Кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғар Серікбаев, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты.

«Біздің жұмысымызда алдын алу қағидаты басымдыққа ие. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық пен ашықтық қағидаттарын енгізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға баса назар аударылуда» — деп атап өтті Т.Серікбаев.

Іс-жүзінде жоғарыда көрсетілген салалардың көпшілігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою туралы 100-ден астам ұсынымдар енгізілді.

«Ағымдағы жылы Департаментпен 63 қылмыс тіркелді. Тіркелген қылмыстардың басым бөлігін парақорлық (30) және жымқыру (17) фактілері құрайды» — деді Т.Серікбаев.


Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу мәселелері айтылды.