Қажымұқан атындағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының аясында «Ордабасы» мен «Атырау» командалары арасындағы кезекті ойын өтті. «Ордабасы» командасы өз алаңында 2:1 есебімен кезекті жеңіске қол жеткізді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов те өз командасына жанкүйер болып, қолдау көрсетті.
Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында өткен футбол бәсекесіне жанкүйерлер көп жиналды. Ойын барысында көк Туымыз желбіреп, 23 мың футбол жанкүйері әлемге әйгілі опера жұлдызы Майра Мұхамедқызымен бірге Әнұранды шырқады.
Осылайша жанкүйерлердің қолдауынан қуат алған жерлестеріміз Қазақстан Премьер-лигасындағы кезекті ойынды жеңіспен аяқтады.