Қала аумағындағы көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 23-29 тамыз аралығында аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара барысында Патрульдік полиция полкі қызметкерлерімен 2021 жылдың 23-25-тамыз аралығында жалпы 2581 әкімшілік хаттама толтырылды.
Оның ішінде:
— ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын алкогольдік мас күйде басқаруы) -он үш;
— ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Қарсы бағытқа шығу) -сегіз;
— ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргіншіні өткізбеу) — жүз отыз үш;
— ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі (Жаяу жүргіншінің жол ережесін сақтамауы) – екі жүз елу әкімшілік хаттама толтырылды.