Еңбекші ауданы аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты орталық көшелерге инертті заттар себіліп, қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Тазалау жұмыстары мердігер мекеме «Жасыл Жер» ЖШС тарапынан жүзеге асуда..
Аудан көлемінде тазалық жұмыстарына жалпы саны 220 адам Камаз ПР-14 дана, Трактор 82- 3 дана, Мини трактор-1 дана, Камаз -1 дана, Газон -2 дана, Газ-53-6 дана, Камаз ассенизатор -1 дана, Погрузчик -1 дана, Камаз пылесос -1 дана жұмылдырылды.
Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан толық бақылауда.
Әл-Фараби ауданы аумағында таңғы 5-тен бастап басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары басталды. Тазалық жұмыстары мердігер мекеме “Жасыл ел” ЖШС-і тарапынан атқарылуда.
Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 37 арнайы техника жұмылдырылды. Атап айтқанда, Камаз – 6 дана , ГАЗ 53- 8 дана, Погрузчик – 1 дана, Камаз ПР – 20 дана, Трактор 82,1 – 3 дана, Трактор 320 – 1 дана, Камаз сельхоз – 3 дана, Газ-Саз – 2 дана, Газ 53 – 4 дана, Камаз ассенизатор – 1 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 1 дана, Погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 50-ден аса жұмысшы күші жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.
Абай ауданы аумағында ішкі орам және орталық көшелерді қардазалау жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС 25 арнайы техникасы, оның ішінде жолдардағы қарды тазалауға 20 техника, аяқ жолдарды тазалауға арналған 5 техникасы жұмылдырылған. Атап айтқанда, Камаз ПР – 14 дана, Трактор 82,1 – 5 дана, Трактор 320 – 2 дана, Газ-Саз – 3 дана, Газ 53 – 6 дана, Камаз ассенизатор – 2 дана, Камаз пылесос – 1 дана, Haide пылесос – 2 дана, Погрузчик – 2 дана, жалпы саны 200-ге жуық адам жұмылдырылды.
Аталған техникалар 9 бағыт бойынша жұмыстар атқаратын болады. Сонымен қатар, 5875 куб инертті материал бар.
Шымкент қаласының Қаратау аудан аумағын қардан тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Алдымен әлеуметтік нысандар айтап айтқанда, тұрғын үй кешендері, жолдар, аялдамалар мен ойын-сауық орталықтары қардан аршылды. Одан соң орталық көшелер мен әлеуметтік нысан орналасқан көшелердің аяқжолдары тазарды.
Бұл іске 21 қар тазалағыш техника, 12 қар тасығыш техника, 1 ассенизатор, 6 трактор және 300 жұмысшы жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, тайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға, жол айрықтарға мұзды ерітетін арнайы материалдар қолданылды, мөлшері шамамен 250 куб құрайды.
Ауданда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалташаларын», саябақтар мен скверлерді тазалау жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, қарлы ауа райына байланысты аудан әкімдігінің салаға жауапты бөлімдерінде қар тазалау жұмыстарын қадағалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.