2024-11-25 06:56:23
1.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустан 152 адам емделіп шықты

Шымкентте өткен тәулікте коронавирустан 152 адам емделіп шықтыӨткен тәулікте Сovid-19 инфекциясын жұқтырған 31 жағдай (20-сы симптоммен, 11-і симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 14 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 17 адам үй бақылауына алынды. Ал кешегі күні 152 адам емделіп шықты. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 809 азамат ауруханада және үй жағдайында ем қабылдап жатыр.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 8 маусым күні 197 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 5 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды (194 кәсіпкерлік нысан, 3 жеке нысан).

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы «жасыл аймақта» тұр. Дегенмен, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР