2024-11-25 20:38:25
9.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте биыл 113 нысанның құрылысы жоспарланған

Шымкентте биыл 113 нысанның құрылысы жоспарланған
Бұл туралы Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов @akimat_shymkent инстаграм парақшасында тікелей эфирде сұхбат берді. Эфирде басқарма басшысы құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың барысы туралы айтты.
Биыл миллионды қалада 113 нысанның құрылысы жоспарлаған. Олардың ішінде 79 тұрғын үй (4832 пәтер, 281,1 мың ш.м.), 15 инженерлік инфрақұрылым нысандары, 11 білім беру нысаны, 2 абаттандыру нысаны, 3 мәдениет,1 төтенше жағдай, 2 спорт кешені бар.
— Құрылыс саласында негізгі басымдық көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына беріліп отыр. Құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы Тұран шағын ауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында атқарылып жатыр. Онда биыл 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы жүргізіледі (49 үй кредиттік, 12 үй арендалық). Қалған 32 үйдің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Ал Әкімшілік-іскерлік орталығында 6 арендалық үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл толық пайдалануға тапсырылады. Сонымен қатар, 8 коммуналдық тұрғын үйдің (432 пәтер) конкурсы аяқталып, мердігері анықталып, оның құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, Арғынбеков көшесіндегі 4 кредиттік тұрғын үйдің (216 пәтер) құрылысы жалғасып жатыр. Пайдалануға тапсыру мерзімі тамыз-қараша айларына жоспарланған, -деді басқарма басшысы.
Инженерлік инфрақұрылым нысандары бойынша бұл жылы 15 нысанда құрылыс жүреді. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 1 920 орынға арналған 4 мектеп пайдалануға тапсырылады. Ал құрылысы жаңадан басталатын 7 нысанның конкурсы аяқталып, мердігерлері анықталды.
Одан бөлек, қолданыстағы мемлекеттік зоологиялық саябағын қайта құру, «Бозарық-3 шағын ауданындағы, ауыр атлетикадан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебін салу, «Қ.Мұнайтпасов атындағы орталық стадионын қайта құру», «Мәдениет орталығы» сияқты жобарлар жүзеге аспақ.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР