2024-11-25 02:25:04
0.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде

Шымкентте 2023 жылы көшені жарықтандыру көрсеткішін 70 пайызға жеткізу көзделуде

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» желісінде дәстүрлі тікелей эфирде тұрғындармен жүздесті. Қала әкімі бұл жолы көшені жарықтандыру мәселелерін талқылады.
Қала тұрғындары осы күнге дейін көшені жарықтандыру жөнінде жиі шағымданып келген болатын. Қала әкімі көше шамдарын орнату және жарықтандыру жүйелерінің құрылысы туралы баяндап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.
Жалпы Шымкентте орталық маңызға ие 747 көше бар. Өткен жылы 39 көшеге жарық жүйесі орнатылса, 4 көшеде қайта құру жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде көшені жарықпен қамту 25 пайыздан 31 пайыздан асты. Ленгір тас жолы бойындағы ескі шамдарды диодты шамға ауыстырылды. Қосымша жарық жүйесін орнатуға 161,2 млн теңге қаржы қаралып тиісті жұмыс атқарылды.
–Қазіргі таңда, шаһардағы 228 көше мен 8 саябақ, 32 гүлзар және 1026 көпқабатты тұрғын үй ауласында 43 016 дана түнгі жарық шамы жарқырап тұр. 2021-2023 жылдары көшені жарықтандыру мен оны күтіп ұстау бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 16,4 млрд теңгеге бірқатар жобалар жүзеге асырылады, — деді қала әкімі.
Жоба аясында 312 көше жарықтандырылып (Абай ауданы: 83 көше, Әл-Фараби ауданы: 42 көше, Еңбекші ауданы: 89 көше, Қаратау ауданы: 98 көше), энергия үнемдейтін LED шамдар орнатылады. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 70 пайызға жетпек.
Эфир барысында Мұрат Әйтенов, Шымкентті тұрғындар үшін қолайлы қалаға айландыру жолында көше жарықтандыру жұмыстарының маңыздылығына тоқтала келе, жобаның сапалы түрде жүзеге асырылуының басты назарда болатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР