2025-10-12 21:18:10
16.3 C
Шымкент

Көп қаралғандар

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел көлемінде кеңінен қолдау тауып, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Осы игі бастаманы жалғастыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Тассай тұрғын алабы мен Мирас шағынауданында, сондай-ақ орталық көшелерде қарқынды түрде жүргізілді. Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысып, 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында аумақтардағы тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, қураған ағаш бұтақтары мен жиналмай қалған қоқыстар толықтай шығарылды. Нәтижесінде 47 тонна көлеміндегі қоқыс арнайы полигонға жеткізілді.

Мұндай сенбіліктердің негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және қоғамдық орындардың санитарлық жағдайын жақсарту.

Құрметті тұрғындар!
Аула мен қоршаған ортаның тазалығы — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Таза әрі жайлы өмір сүру үшін баршаңызды тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырамыз. Қаламыздың көркеюі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызмет мамандарының еңбегін құрметтеп, олардың жұмысына түсіністікпен қарап, өз аулаларымыз бен көшелерімізді таза ұстауға барынша атсалысайық.

Алдағы уақытта сенбіліктер апта сайынғы форматта жалғасады: қоқыс сұрыптау, ағаш отырғызу және ирригациялық арналарды тазарту жұмыстары жоспарланған. Әкімдік волонтерлік ұйымдармен бірлесіп, аулаларды абаттандыруға арналған шағын гранттар ұсынады. Тұрғындар фотоесептерді қала әкімдігінің ресми чатына жолдай алады, ал рұқсатсыз төгінділер бойынша жедел желі тәулік бойы қабылдайды. Экобұрыштары бар аула клубтары да акцияға қосылуға шақырылады.

Ұмытпайық, тазалық – өзімізден басталады!

Соңғы жаңалықтар

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР